Илон Масктың он төртінші баласы өмірге келді

Neuralink компаниясының топ-менеджері Шивон Зилис миллиардер Илон Масктан төртінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұл туралы «РИА Новости» агенттігі жазды.
Шивон Зилис бұл туралы өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында хабарлады. Ол ұлының атын Селдон Ликург деп қойғандарын айтты.
Бұл туралы Илонамен сөйлестік және сүйкімді Аркадияның туған күнін атап өтіп жатқанда, біздің керемет әрі ерекше ұлымыз – Селдон Ликург туралы да ашық айтуды жөн көрдік, – деп жазды Зилис.
Бұған дейін бұл жұп үшінші балаларының жынысы мен есімін жарияламаған еді. Маск Зилистің жазбасына жүрек эмодзисін қалдырып, қуанышын білдірді.
Кейбір дереккөздерге сүйенсек, бұл – Масктың 14-баласы болуы мүмкін. Ол бұған дейін жұбайы Жюстин Уилсоннан, әнші Граймстан және Neuralink топ-менеджері Шивон Зилистен бірнеше бала сүйген.
Маск өзінің жоғары туу көрсеткішін қолдайтынын және адамзаттың демографиялық дағдарысты болдырмауы үшін көпбалалы болуды құптайтынын бірнеше рет айтқан еді.
Фото: incrussia.ru