Әлем

Трамп жанжалдан кейін Зеленскийден кешірім сұрауды талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің кешірім сұрауын талап етті, деп хабарлайды Bloomberg басылымына сілтеме жасаған Qazaqinfo.kz

Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізеді, дейді Трампқа жақын шенеунік.

Оның айтуынша, Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы жанжалдан кейін кей еуропалық көшбасшылар Украина көшбасшысына қолдау білдірді. Алайда бірқатар саясаткер оны Уашингтонмен диалогты қалпына келтіруге шақырды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да халықтан кешірім сұрауды өтінді.

Қақтығыстан кейін НАТО-ға мүше бірқатар еуропалық ел Дональд Трампты Зеленскийге қатысты ұстанымын қайта қарауға көндіруге тырысты. Сондай-ақ Киев пен Уашингтон арасындағы делдалдық мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер бұл істе барынша белсенді рөл атқаруға ниетті.

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде Трамппен қарым-қатынасын жақсарту керегін айтты. Украинаны қолдауға қосқан үлесін құрметтеуді ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеденский Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Украина ресурстары туралы мәселені шешу үшін келген еді. Алайда кездесу барысында екі президент сөзге келіп, Зеленский Ақ үйден шығып кеткен. Ал АҚШ осы әрекеті үшін Зеленскийді сынап, мәлімдеме жасаған.

Еске салсақ, бұған дейін Еуропалық комиссия төрағасы Владимир Зеленскийге қолдау білдіргенін жазған болатынбыз.

Фото: Brian Snyder/Reuters

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button