Әр түрлі

Бүгін елдің басым бөлігінде қар жауады

«Қазгидромет» РМК қаңтардың 4-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар елдегі ауа райына әсер етеді, осыған қарай күн құбылмалы болады.

Елдің басым бөлігіне жауын жауады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ, боран соғып, екпінді жел тұрады.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button