Шоу-бизнес

«Қазір басым бос»: Әсел Асқар тоқал болуы мүмкін екенін айтты

Блогер, тележүргізуші Әсел Асқар жеке өмірі туралы сыр шертіп, екі рет тұрмыста болғанын, алайда екеуі де сәтсіз аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Бір оқырманым менің парақшама енді қосылған сияқты. Екі рет тұрмыста болғанмын, бірақ сәтсіз болды. Күйеулеріммен баяғыда айырылысып кеткенмін. Қазір басым бос. Өзімді құс сияқты еркін сезінемін. Жаңасы пайда болғанда міндетті түрде сіздерге хабар беремін. Бірақ оны көрсетемін деп уәде бере алмаймын. Алайда ол туралы міндетті түрде айтып беремін. Қазір білмей тұрмын. Мүмкін ол отбасылы болып қалса, менің тоқал болып қалуым мүмкін. Қысқасы, ештеңе білмеймін, – дейді блогер.

Сондай-ақ ол сәбиінен айырылғандағы сезімін жеткізіп, әлі күнге дейін жылайтынын айтты.

Өзегің мықты болғанымен, мұндай сынаққа дайын болмайсың. Сынып қалады екенсің. Сендер білмейсіңдер, әлі күнге дейін жылаймын. Ойламаған жерден есіме түссе, өзімді жоғалтып аламын. Мені ешкім таба алмай қалады. Амал қанша?! Осы жерге күн сайын жылағанымды салып отыра алмаймын. Менің жұмысым – елге позитив сыйлау, күлдіру. Адамдарға қызық болғанын қалап тұрасың, – дейді ол.

Фото: instagram.com/assel.askar

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button