Қоғам
Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді
Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі Алматы облыстық Полиция департаментінің сотталған бұрынғы басшысы Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.
Оқи отырыңыз: Қырғызстанда Күдебаевтың қашу ісі бойынша 4 күдікті тергеліп жатыр
Серік Күдебаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусым сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотында қаралады деп белгіленді, – делінген хабарламада.
2023 жылғы 28 сәуірде Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото: alataunews.kz