Оқиға

Алматы облысында білім бөлімінің есепшісі асылып қалған

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің есепшісі өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, әңгіме Жамбыл аудандық білім бөлімінің 43 жастағы қызметкері туралы болып отыр. Оның қайтыс болғаны туралы 7 маусымда белгілі болған.

Аудандық полиция бөліміне 43 жастағы әйел асылып, өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түсті, – деп түсіндірді ведомство.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, деп қосты полицейлер.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button