Шоу-бизнес
Баян Алагөзова жиен немересі дүниеге келгенін айтты
Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп жазады Qazaqinfo.kz.
Қуанышты жаңалықты продюсер, актриса Баян Алагөзова бөлісті.
Алматының кептелісінде тұрғанда уақытты босқа жоғалтпай, сіздерге қуанышты жаңалығымды бөлісейін. Бүгін, 2023 жылғы 20 шілдеде біздің үлкен, тату-тәтті отбасымызға тағы бір адам қосылды. Менің қызым (Айсәуле Бақытбек — ред.) екінші рет атанды. Ол дүниеге әдемі, дені сау, бақытты қызды әкелді. Дәл қазір перзентханаға бара жатырмын. Өзімнің балама сорпа, котлет апара жатырмын. Оны құшақтауға, сүюге, қолыма кішкентай ғажайыпты алуға асығып тұрмын, — деді ол.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/