Әлем
Индонезияда жойқын жер сілкінісі болды

Индонезиядағы Серам аралында 5,4 баллдық зілзала болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметтері бойынша, жер асты дүмпуі UTC уақыты бойынша 18:42-де (Астана уақыты бойынша 23:42) Индонезияның 355 мың халқы бар Амбон қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 151 км жерде болды.
Жер сілкінісінің ошағы 54 км тереңдікте болғаны атап өтілді.
Зардап шеккендер жайлы ақпарат келіп түспеген.
Фото: AP Photo/National Fire Agency