Спорт

Шавкат Рахмоновтың қарындасы депутатқа тұрмысқа шығады

UFC-дің орта салмақтағы бесінші нөмірлі спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова тұрмысқа шығады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Сораның таңдауы бразилиялық джиу-джитсудан бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа түскен.

Қуанышты жаңалықты Сора Рахмонованың өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Бақыттымын! Аллаға шүкір! 23.11.2023, – деп жазды ол.

БАҚ өкілдері спортшылардың тойы 10 желтоқсан күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтеді деп жазып жатыр.

Фото: instagram/rakhmonova

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button