Спорт

Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) әлем чемпионы белдігіне Қазақстан өкілі Жәнібек Әлімханұлы иелік ететін орта салмақтағы рейтингіні жаңартты, деп жазды Sports.kz

Ұлыбританиялық боксшы кіші Крис Юбэнк рейтингілік кестеде көш басындағы орнынан айырылып қалды. Оның орнын отандасы Хамза Шираз басты. Осылайша, Хамза Жәнібектің бұл салмақтағы чемпиондық айқасқа шығатын міндетті қарсыласы атанып отыр.

Айта кетейік, бұл кестеде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов үшінші орында тұр.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button