Спорт

Антикор спорт саласындағы жемқорлық фактілерін тексеріп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Талдау шеңберінде Туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жүргізілуде.

Бұдан басқа, спорттық іс-шаралар мен жиындар, спорттық жабдықтар мен тамақтандырудағы сатып алу, шетелдік іссапарларды ұйымдастыру, сыйақылар, спорт объектілерін салу, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстау бойынша бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады, — деп хабарланды Агенттік брифингі барысында.

Фото: Kazinform

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button