Шоу-бизнес

«Ешкімге дауыс бермеңіздер»: Мақпал Жүнісова үндеу жолдады

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Мұны кімге айтуға болады? Соттасып жүретін уақыт та жоқ, концертке дайындық керек. Осыдан сіздерді тауып алсам! – деп үндеу жасады Мақпал Жүнісова.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button