Шоу-бизнес

Ерке Есмахан Тоқаевтың Раимға қандай сыйлық бергенін көрсетті (ФОТО)

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдері – блогер, актер, әншілермен кездескен болатын. Сол кездесуде әнші Раим да болған, деп жазады Qazaqinfo.kz.

Президенттің сыйлығын Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Кеше президенттің сыйлыққа не бергенін мен көрсетпесем, Раим көрсетпейді. Сол үшін маған «жарайсың» деп қойыңыздар, – деп жазды Ерке Есмахан.

Әнші жариялаған суреттен блокнот пен қаламды және мемлекеттік елтаңбасы мен Qazaqstan деген жазуы бар сағатты, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық хатын көруге болады.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Ирина Кайратовна, Raim, Ерболат Беделхан және тағы басқа өнер жұлдыздары мен блогерлермен кездескен болатын.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button