Әлем

Франция соты Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімін ұзартты

Францияның сот органдары Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды.  

France-Presse агенттігінің хабарлауынша, жауап алу үшін қамауда ұстаудың бастапқы мерзімі 96 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

LCI телеарнасының хабарлауынша, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров бір күн бұрын Париждің Ле-Бурже әуежайында ұсталған. Кәсіпкер Әзербайжаннан келген. Оның қасында бір қыз бен күзетшісі болған.

Француздық TF1 телеарнасы елдің құқық қорғау органдары Дуровты «есірткі саудасына, балаларға қарсы қылмыстарға және алаяқтыққа» қатысы бар деген күдікпен қамауға алғанын хабарлады. Қамауға алу ордерін Францияның Ұлттық сот полициясы департаменті алдын ала тергеу негізінде шығарған. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір Дуров қамауға алынды, кейін сотқа жеткізіледі.

Дуров төрт елдің – Ресейдің, Кариб теңізі аралдарында орналасқан Сент-Китс және Невис штатының, Франция мен БАӘ-нің азаматы екені белгілі. Ресей Сыртқы істер министрлігі Франциядағы Ресей елшілігі Дуров төңірегіндегі жағдайды түсіндіру үшін қажетті шараларды қабылдағанын хабарлады.

Илон Маск Дуровтың Францияда ұсталуын сөз бостандығына кепілдік беретін АҚШ Конституциясына енгізілген бірінші түзетудің «тартымды жарнамасы» деп атады. Болған оқиғаға түсінік бере отырып, ол 2030 жылға қарай Еуропада жай мемдерге лайк басқандарға да өлім жазасы тағайындалуы мүмкін екенін айтты.

Бірқатар саясаткерлер де Павел Дуровтың қамауға алынуына қатысты пікір білдіріп жатыр.

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Грин Дуровтың қамауға алынуына түсінік бере отырып, бүкіл әлемде сөз бостандығына шабуыл жасалып жатқанын айтты.

Аустрияның бұрынғы сыртқы істер министрі Карин Кнайсль кәсіпкердің ұсталуын ақылға қонымсыз деп санайды.

Францияның бұрынғы Еуропарламент депутаты Эмерик Шопрад Дуровтың ұсталуына Париждің Telegram-ды бақылауға деген ұмтылысы себеп болғанын айтты.

Фото: TechCrunch

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button