Алаяқтар танымал актрисаны интим хабарлама үшін бопсалаған
Танымал өзбек актрисасы Садокат Хамидова алаяқтардың құрбаны болды. Олар әртістің әртүрлі ер адамдарға жазған хаттарын монтаждап, оны өшіру үшін ақша талап еткен, деп хабарлайды Massaget.kz podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Актриса жасырын Telegram-арналардың бірінің әкімшілері Instagram-да ер адамдармен ашық қарым-қатынасты сипаттайтын хаттарын монтаждап, сондай-ақ, жалған суреттер мен видеолар жасағанын, содан кейін бәрін Telegram-ға таратқанын айтты.
Хамидованың сөзінше, жалған хат-хабарлардың скриншоттары оған және оның жақындарына қиындықтар туғызған.
«Жақында тойым болады, сондықтан маған қатысты қауесет көп. Олар хат-хабарларды монтаждағаны сонша — шын екеніне сеніп қалуға болады», — деді ол.
Актриса дереу құқық қорғау органдарына жүгінді, ал бұзақы көп ұзамай ұсталды. Қазір осы дерек бойынша тергеуге дейінгі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Фото: дереккөз