Спорт

«Қазақ тек сәукеле киетін»: Санжар Тәшкенбайдың жас әйелі көпшіліктің сынына ұшырады

Бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай жақында  тойын дүркіретіп өткізді, деп жазды KYN.KZ.

Жас спортшының жүрегін Түркістан облысы Шәуілдір елді мекенінің тумасы Аяулым есімді аруға түскен. Тойда боксшының достары, бокстан еліміздің танымал былғары қолғап шеберлері төбе көрсетті. 

Әйтсе де қалыңдық көпшіліктің көңілінен шықпай қалса керек.

«Басқаларға еліктегенді қашан қоямыз», «Қазақ тек сәукеле киетін, мынау басқа қазақ», «Оранып, қымтанып не болды сонша қазіргі қыздарға? Ата-бабаларымыз оранбай-ақ өсті ғой», «Жас қыздарға мынадай орамал жараспайды екен», «Бұл орамал қазақтың дәстүрінен емес, осыны жастар қашан ұғады екен», — деп ойларын ортаға салды желі қолданушылары.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button